жексенбі, 12 шілде, 2026 11:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде полицейлер қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде полицейлер қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті
polisia.kz
Ауқымды шараға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келді.

Бұл ауқымды мәдени шара жыл сайын мыңдаған туристі, шетелдік делегация өкілдерін және Ұлы Алтайдың бай тарихи мұрасын бағалаушыларды бір алаңға жинады. Бұл туралы Oimaqnews.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фестивальдің ашылуы қарсаңында ШҚО полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған жеке құрамға саптық жиын өткізді. Өңірдің бас полицейі басым бағыттарды айқындап, құқық бұзушылықтың алдын алуға, жол қозғалысының кедергісіз өтуіне, орын алуы мүмкін оқиғаларға жедел ден қоюға және іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға уақтылы көмек көрсетуге баса назар аударды.

Фестиваль өтетін барлық уақыт аралығында полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшті. Іс-шара өтетін орындарға апаратын автожолдарда қосымша бақылау ұйымдастырылып, көлік ағынын реттеу және адамдар көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздік шаралары толық қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлерінің басты міндеті — фестивальдің әрбір қатысушысы мен қонағы үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, түркі әлемінің мәдениеті мен халықтарын біріктіретін бұл мерекенің тыныш, ұйымдасқан және оқыс оқиғасыз өтуін қамтамасыз ету.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар