сейсенбі, 7 шілде, 2026 11:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Екеуі дос болса екен": Жазира Байырбекова Мөлдір мен Тұрсынбекті бірге көргісі келетінін айтты

"Екеуі  дос болса екен": Жазира Байырбекова Мөлдір мен Тұрсынбекті  бірге көргісі келетінін айтты
youtube
Ол Мөлдір Мұқанованың үш баласының қуанышына орай ұйымдастырған тойына шақырылған болатын

Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол Мөлдір Мұқанованың үш баласының қуанышына орай ұйымдастырған тойына шақырылған болатын. Өнер иесі балаларының қуанышты сәттерінде Мөлдір мен Тұрсынбекті ең болмаса дос ретінде бірге көргісі келгенін айтты.

«Мөлдір мен Тұрсынбек екеуі де тойда болса екен. Ең болмаса дос ретінде, балалардың алдында, олардың әр қуанышында бірге болса екен. Бірге көрсек екен деп армандап отырмын.

Тұрсынбекті де, Мөлдірді де құрметтеймін, сыйлаймын. Екеуі де өте жақсы адамдар. Білмеймін, шын жүректен соны тілеп отырмын. Балалары үшін бас қосып тұрса екен», - деді Ж. Байырбекова.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар