Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін еліміздің үш ірі мегаполисінде ауа райы қандай болатыны туралы жариялады,деп хабарлайды Қазақпарат.
Фото: Александр Павский / Kazinform
Астанада күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.
Алматыда күн ала бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
Ал кеше Қазгидромет республика бойынша найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел күтілетінін мәлім етті.
Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде нөсер жауын болуы мүмкін, ал оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді, ал солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





