сәрсенбі, 1 шілде, 2026 22:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жекеменшік үйлердің бірінен ер адамның сүйегі табылды

Алматыда жекеменшік үйлердің бірінен ер адамның сүйегі табылды
Фото: freepik
Полиция жедел іздестіру шаралары барысында үй иесін ұстады.

Алматының Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Arasha.kz dalanews.kz сайтына сілтеп. 

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, марқұм кім екенін анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша ол тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізген және қайғылы оқиға болған күні осы үйде болған.

Полиция жедел іздестіру шаралары барысында үй иесін ұстады. Оның айтуынша, ер адам әзірге нақты анықталмаған жағдайда ауыр жарақат алған. Алайда күдікті оқиға туралы құзырлы органдарға хабарламай, сүйекті жертөлеге жасырып қойған деген болжам бар.

Бұл дерек бойынша адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар