сейсенбі, 30 маусым, 2026 14:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жантүршігерлік жол апатынан бес бала қаза тапты

Жантүршігерлік жол апатынан бес бала қаза тапты
Фото: freepik
Жол апаты Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында болған

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында болған. Тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік екіге бөлініп қалған.

Дәрігерлер ауыр жарақат алған баланың өмірін аман алып қалды. Алайда оның жағдайы әлі де ауыр деп бағалануда. 

Полицияның мәліметінше, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар