дүйсенбі, 29 маусым, 2026 18:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Арзан үй әперем деп алдаған күдікті ұсталды

Арзан үй әперем деп алдаған күдікті ұсталды
istockphoto.com
Ірі көлемде ақша жымқырған.

Астана қаласында полицейлер азаматтарды алдап, ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен 51 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, оларға тұрғын үйді нарықтық бағадан төмен бағамен алып беруге немесе мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана рәсімдеуге көмектесетінін айтып, ақшалай қаражаттарын иемденген.

Алаяқтықтың бір эпизодында ол жәбірленушіге пәтер алып беремін деген желеумен 1 млн теңге көлеміндегі қаражатты заңсыз иеленген.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында оның дәл осындай тәсілмен жасалған тағы 30 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған эпизодтар бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Егер сізге тұрғын үйді нарықтық бағадан әлдеқайда арзанға алып беру, кезексіз рәсімдеу немесе мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алуға "көмектесемін" деген күмәнді ұсыныстар түссе, олардың заңдылығын міндетті түрде тексеріңіз. Тұрғын үй мәселесіне қатысты мәмілелерді тек уәкілетті мемлекеттік органдар мен ресми ұйымдар арқылы рәсімдеп, бейтаныс адамдарға алдын ала ақша беруден сақ болған жөн.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар