дүйсенбі, 29 маусым, 2026 16:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Балалы болғанын қаладым": Жанар Айжанова екінші некесінен неге ажырасқанын айтып берді

"Балалы болғанын қаладым": Жанар Айжанова екінші некесінен неге ажырасқанын айтып берді
әлеуметтік желіден
"20 жыл бірге өмір сүрдік".

Әнші Жанар Айжанова жұбайы өмірден өткеннен кейін екінші рет тұрмыс құрғанын және бұл некесі 20 жылдан соң аяқталғанын айтты. Бұл туралы ол “Momsкий әңгіме” YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің сөзінше, алғашқы жолдасынан айырылғаннан кейін қайта отбасын құрып, тағы бір сәби сүюді армандаған.

"Негізі, ізін суытпай тұрмысқа шыққан жақсы екен. Айжұлдыздан кейін қыз болсын, ұл болсын, жалғыз болмаса екен деп көп үміттендім. Бірақ бұйырмаған нәрсеге өкпелей алмайсың", – деді әнші.

Сондай-ақ Жанар Айжанова екінші күйеуімен ажырасу себебін де жасырмады. Оның айтуынша, ортақ перзенттің болмауы бұл шешімге әсер еткен.

"Екінші тұрмыста 20 жыл бірге өмір сүрдік. Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екі жаққа кетуді ұйғардық. Арамызда ортақ бала болмады. Айжұлдыз – оның туған қызы емес. Бала болмаса, қоғам көбіне әйелді кінәлайды. Сондықтан ешкімнің обалына қалмайын деп, бұл шешімді бір күнде қабылдадық. Қазір де оның балалы болғанын тілеймін", – деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар