жұма, 26 маусым, 2026 14:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды

Астанада Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды
ulpan.sovetbekovna/ Instagram
Оқиға 2023 жылдың желтоқсан айында болған еді.

Астана қаласында Ұлттық ұлан қатарында міндетті әскери борышын өтеп жүріп, жұмбақ жағдайда ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның жаназа намазы елордадағы Шейх Кунта қажы атындағы мешітте оқылып, оған бірнеше жүз адам жиналды. Қаралы жиынға жігіттің туған-туыстары, жақындары және оның тағдырына бейжай қарамаған қала тұрғындары қатысты.

Ұзақ уақыт бойы төсекке таңылған бұрынғы сарбаз 2026 жылғы 23 маусымда Ұлттық шұғыл медициналық көмек ауруханасында көз жұмған болатын. Дәрігерлердің мәліметінше, оның өліміне ауыр бас-ми жарақатының салдары мен оған қосылған асқынулар аясында дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы себеп болған.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 2023 жылдың желтоқсан айында болған еді. Әскери бөлім басшылығының ресми нұсқасы бойынша, сарбаз дәретханада құлап, басын «кафельге соғып алған». Соның салдарынан ол ауыр бас-ми жарақатын алып, бірнеше ай бойы жансақтау бөлімінде жатты, тіпті шетелде де ем қабылдады. Алайда Ербаянның туыстары мен жақындары бұл оқиғаның жазатайым болғанына мүлдем сенбейді және істің ашық тергелуін талап етіп келеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар