жұма, 26 маусым, 2026 13:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дзюдодан Гран-при: Елдос Сметов ширек финалға шықты

Дзюдодан Гран-при: Елдос Сметов ширек финалға шықты
Фото: ҚР ҰОК
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Атақты дзюдошы әзербайжандық Балабай Агаевке қарсы белдесуде жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақпарат.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл жеңіс Сметовке 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалына шығуға мүмкіндік берді. Енді оның қарсыласы Энцо Джин (Франция) мен Тугол Канатбек Уулу (Қырғызстан) арасындағы белдесудің жеңімпазы болады.

Еске сала кетейік, алғашқы белдесуде Елдос Сметов Қытай өкілі Сунь Цзяхаоны жеңген еді.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) бірінші айналымнан кейін жарыс жолынан шықты. Қазақстандық спортшы Әзербайжан өкілі Шафаг Хамидоваға есе жіберді.

Сондай-ақ бүгін, 26 маусымда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) татамиге шығады.

Айта кетейік, Елдос Сметов үшін бұл Гран-при Париж-2024 Олимпиадасындағы жеңісінен кейінгі алғашқы жарыс болды.


 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар