– Қазір барлық мемлекеттік органдардың деректері Астанада бір деректерді өңдеу орталығында сақтаулы. Оның қуаттылығы – 6 мегаватт. Ал біз қазір Екібастұзда жүргізіп жатқан жұмыстың арқасында, келесі жылдың алғашқы жартысында 125 мегаваттық деректерді өңдеу орталығын іске қосамыз. 2028 жылы дәл осындай 125 мегаваттық тағы бір деректерді өңдеу орталығы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарды ары қарай да жалғастыра береміз, – деді ол ҚР Үкіметінің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекіту жөніндегі отырыста.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






