бейсенбі, 25 маусым, 2026 16:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Венесуэлада 7,2 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді

Венесуэлада 7,2 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді
Getty Images
Венесуэла билігі төтенше жағдай режимін енгізді.

Венесуэлада 24 маусым кешінде араға небәрі 39 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  ult.kz. сайтына сілтеме жасап. 

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, негізгі жер сілкінісінің ошағы Карабобо штатындағы Морон қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпуінің кіндігі шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.

Табиғи апат салдарынан ел астанасы Каракас қаласында тұрғын үйлер қирап, бірқатары ауыр зақымданған. Венесуэланың ішкі істер министрі Диасдадо Кабельо Альтамира және Лос-Палос-Грандес аудандарында күрделі жағдай қалыптасқанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінің дүмпуі Трухильо, Яракуй, Карабобо, Арагуа, Миранда және Ла-Гуайра штаттарында да сезілген. Қираған аумақтарға құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жіберілді. Билік тұрғындарды қайталама дүмпулер қаупіне байланысты зақымданған үйлерге оралмауға шақырды.

Елдегі басты әуе айлағы – Симон Боливар Халықаралық әуежайы терминалының шатыр бөлігі құлап, соның салдарынан барлық әуе рейстері тоқтатылды.

Венесуэла билігі төтенше жағдай режимін енгізді. 

Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен АҚШ Геологиялық қызметінің PAGER автоматтандырылған жүйесі апат салдары өте ауыр болуы мүмкін екенін болжап отыр. Сарапшылардың бағалауынша, табиғи апат адам шығыны мен материалдық залалдың ауқымды болуына әкелуі ықтимал.

Алдын ала есептер бойынша, жер сілкінісі Венесуэланың ірі өнеркәсіптік және мұнай өңдеу орталықтарына әсер еткен. Америкалық сарапшылар ел экономикасы жалпы ішкі өнімінің 20 пайызға дейінгі бөлігін жоғалтуы мүмкін екенін айтып отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар