Полиция қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас болып, лифтіні қасақана бүлдірген 34 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, алдымен бір, кейін екінші лифттің есіктерін күш қолданып сындырған. Ол есіктерді қолымен ашып, теуіп, жұдырықпен ұрып, нәтижесінде көтергіш жабдықтарды істен шығарған.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.
Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.
Полиция еске салады: бөтеннің мүлкіне қол сұғудың кез келген түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Заң мен тәртіп – қоғамдық мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуының негізі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




