"Менің де айтарым бар": Төреғалидың әйелінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды
- авторОймақ
- Бүгін, 15:10
- 21
Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің назарын аударған жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әншінің жары Instagram желісінде оқырмандарына арнап жазба қалдырып, жұртшылықты ойландырып қойды.
«Сәлем бердім! Қалайсыздар?! Бәрін көріп-біліп отырған шығарсыздар! Менің де айтарым көп! Екінші тарапты күтіп отырмын. Жақсылықтың жаршысы болайық», – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.
Желі қолданушылары бұл жазбаны түрліше қабылдап, әншінің отбасына қатысты соңғы оқиғалармен байланыстырып жатыр. Алайда Толқын Тұрарбекқызы әзірге бұл сөздерінің нақты неге қатысты екенін ашып айтқан жоқ.
Айта кетейік, соңғы уақытта әнші Төреғали Төреәлінің жеке өміріне қатысты әлеуметтік желілерде түрлі ақпараттар таралып, көпшілік арасында қызу талқылануда. Әншінің продюсері Жан Мұқанов та оның концерттер мен гастрольдерге шықпайтынын мәлімдеген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






