жексенбі, 21 маусым, 2026 18:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
ҰОК
Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны үшеуге жетті.

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жүсіпов Үндістан өкілі Дипакты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны үшеуге жетті. Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) мен Виктория Графеева (60 келіге дейін) финалдық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) әлем кубогы кезеңін қола жүлдемен аяқтады

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар