жексенбі, 21 маусым, 2026 16:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атыраулық хакер Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Атыраулық хакер Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды
видео скрин
Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды

Атырау облысында бүтін бір отбасының жоғалып кетуін "тергеген" "хакер" ретінде ел арасында танылған ер адам Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІІМ ақпаратына сәйкес, 19 маусымда Түркиядан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді.

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

Тергеу мәліметі бойынша, ер адам 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген деп күдіктеліп отыр.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар