сейсенбі, 16 маусым, 2026 12:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Заңсыз жүргендер елден шығарылды

Заңсыз жүргендер елден шығарылды
Коллаж: Qaz365.kz
Операция барысында халықаралық іздеуде жүрген 21 адам ұсталды.

Қазақстанда 8–12 маусым аралығында өткен «Заңсыз қоныс аударушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзған мыңдаған адам анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бес күн ішінде полиция қызметкерлері шетел азаматтары тұруы және жұмыс істеуі мүмкін құрылыс нысандарды, базарларды және жалдамалы пәтерлерді тексерген.

Тексеру барысында көші-қон талаптарын бұзған 13 мың адам анықталды. Оның ішінде 10 мыңға жуық шетел азаматы Қазақстан аумағында заңсыз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 4 мыңға жуық адам тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін ұйымдастырған.

Сот шешімімен 1 500 шетел азаматын елден шығару туралы қаулы қабылданды. Оның ішінде 122 адам Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарылып, алдағы бес жыл ішінде елге қайта кіру құқығынан айырылды.

Сонымен қатар операция барысында халықаралық іздеуде жүрген 21 адам ұсталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар