сенбі, 13 маусым, 2026 15:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Qaitadan фильмі шетелдік байқауда Гран-при иемденді

Qaitadan фильмі шетелдік байқауда  Гран-при иемденді
Қырғызстан астанасында IV Бішкек халықаралық кинофестивалі өтті.

 Фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары ұсынылған Орталық Азия байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық «Qaitadan» фильмі «Үздік фильм» аталымында Гран-при иеленді, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Qaitadan» соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.

Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат — STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанып, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар