жұма, 12 маусым, 2026 13:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан мерт болды

Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан мерт болды
Фото:Envato
Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал кезінде болған,.

Жасөспірімнің қаза болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Онда 13 жастағы екі жасөспірімнің марқұм балаға көптеген пышақ жарақатын салғаны айтылған.

Бұл дерекке қатысты полиция департаменті түсініктеме берген.

Полиция мәліметінше, 10 маусымда Түрксіб ауданында пышақ жарақатынан 12 жастағы жасөспірім мерт болған. Қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол бұған дейін жәбірленушімен таныс болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша бұл жағдай кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазіргі уақытта күдікті мамандандырылған мекемеге орналастырылды", - деп хабарлаған полиция департаментінен.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралап жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар