жұма, 12 маусым, 2026 13:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда алаяқтарға алданған әже мен немересі баспанасыз қалды

Алматыда алаяқтарға алданған әже мен немересі баспанасыз қалды
Фото: © istockphoto.com
Әлеуметтік желілерде 12 жастағы қыздың қатысуымен түсірілген видео тарады. Онда ол 75 жастағы әжесімен бірге алаяқтардың кесірінен жалғыз баспанасынан айырылып, далада қалғанын айтады.

Жарияланған мәліметтерге қарағанда, оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Видео авторының айтуынша, үйден шығарылғаннан кейін егде жастағы әйелдің денсаулығы сыр беріп, оны ауруханаға жеткізген.

Желіде тараған бейнежазбадағы қыздың сөзінше, олар балалардың құқықтарын қорғайтын ұйымдардың бірінен көмек сұраған. Алайда күткен қолдаудың орнына дөрекі қарым-қатынасқа тап болған.

«Мен оған болған жағдайды түсіндіруге тырыстым. Ал ол болса, бұлай алданып, ақшаны беріп қою — ақымақтықтың шегі дегендей сөз айтты. Оны толық айтпаса да, не меңзегені түсінікті болды. Кейін бізге үйімізден айырылғанымызбен келісіп, оны ұмытуымыз керек екенін айтты», – дейді қыз видеода.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл оқиға қоғамда кеңінен талқыланғаннан кейін жағдайға Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева араласқан. Мәлімет бойынша, іс бақылауға алынған.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар