Әлеумет
Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі бірдей баласы суицид жасаған
- авторОймақ
- 29 сәуір, 2024
- 730

Оқиға Айыртау ауданында болған
Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі бірдей баласы асылып қалған.
Оқиға Айыртау ауданында болған. 28 сәуір күні 22 жастағы келіншек қораға барып асылып қалған. Кейінірек оның 17 жастағы інісі де орманға кетіп, ол да өзіне қол салған.
«Айыртау аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама түсті. Қазір өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – деді СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі.
Келіншектің артында 1,5 жастағы баласы қалды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Алтын зауыттың дауы: Заитов Маралдыдағы мәселені көтерді
Ұқсас жаңалықтар
Әлеумет
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Әлеумет
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025