Төрт адамды қағып кеткен: әйелге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
- авторОймақ
- Бүгін, 14:26
- 20
Түркістан облысындағы Арыс қаласында мас күйінде көлік жүргізіп, бір отбасы мүшелерін қағып кеткен әйелге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында болған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Бастапқыда тергеу барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Бұл сараптама қорытындысымен расталды. Күдікті тұлға қамауға алынды, – деді Әділов.
Министр орынбасарының сөзінше, қазіргі уақытта іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол-көлік оқиғасын жасау фактісі бойынша тергеліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Германияда қаза тапқан судьяның өліміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды
- авторОймақ
- 8 маусым, 2026






