Талдықорғанда небәрі 3 жастағы қызын сабаған әкеге сот үкім кесті. Ол жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Жетінші арна".
Оқиға ақпан айында болған. Өз әкесі ұрып, денесінде сау тамтығы қалмаған бүлдіршін дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Балақай әлі де дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Белгілі болғандай, кішкентай қыз бұған дейін ауыр сырқатпен күресіп, Түркияда бауырына операция жасалған.
Ашуға мінген ер адам сол күні өзінің әйелін де соққыға жыққан. Күдікті өзінің тұрғылықты мекенжайынан мас күйде табылған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, туғандарына қатыгездік танытқаны үшін сот үкім кесті.
"Оқиғаға байланысты азаптау және ұрып-соғу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп пікір білдірді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Жанар Қалықова.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Сарбаздың қазасына қатысты қылмыстық іс аяқталды
Ұқсас жаңалықтар
Германияда қаза тапқан судьяның өліміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды
- авторОймақ
- 8 маусым, 2026






