дүйсенбі, 8 маусым, 2026 21:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Германияда қаза тапқан судьяның өліміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды

Германияда қаза тапқан судьяның өліміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды
Коллаж: MadeniPortal.kz
Марқұмның туыстары мен адвокаты қылмыстың аса қатыгездікпен жасалғанын мәлімдеді.

Германияда қаза тапқан қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды, деп хабарлайды Arasha.kz MadeniPortal.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Марқұмның туыстары мен адвокаты қылмыстың аса қатыгездікпен жасалғанын мәлімдеді. 

Айгүл Сайлыбаеваның анасы Шолпан Батқалованың айтуынша, қызының денесінде көптеген пышақ жарақаттары анықталған. Марқұмды тану қиын болғандықтан, оның жеке белгілері мен кейіннен жүргізілген ДНҚ сараптамасы арқылы жеке басы нақтыланған.

Туыстарының пікірінше, қылмыс әйелдің өзі тұрған пәтерде жасалуы мүмкін. Адвокат Жанна Уразбахованың сөзінше, криминалистер пәтерден қан іздерін анықтаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыстан кейін күдіктілер іздерін жасыруға әрекет жасаған болуы ықтимал.

Қорғаушы тарап бұл іске марқұмның жұбайы Александр Донцов пен оның анасы Наталья Донцованың қатысы болуы мүмкін деп есептейді. Алайда олардың кінәсі сот шешімімен ғана анықталатыны атап өтілді.

Марқұмның ағасы Жанат Сайлыбаевтың айтуынша, оның денесі іздестіру жұмыстары басталған күні су айдынынан табылған. Кейін жүргізілген ДНҚ сараптамасы мәйіттің Айгүл Сайлыбаеваға тиесілі екенін растаған.

Қазіргі уақытта қылмысқа қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Германияда Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусым күні Қазақстанның Франкфурт-на-Майнедегі Бас консулдығына оның ата-анасы жүгініп, қыздарының екі күн бұрын із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған.

Кейінірек жоғалған әйелдің мәйіті Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны белгілі болды. Немістің Bild басылымы марқұмның денесі пластик қаптың ішінен табылғанын және оның зорлық-зомбылық құрбаны болғанын жазды.

Осы дерек бойынша Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Германия Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Дармштадт қаласының соты Айгүл Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцованы күдікті деп таныған. Оған қатысты Германияда және Еуропаның басқа елдерінде тұтқындауға ордер берілген.

Кейіннен Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты қылмыстық істің Ресейге берілетіні белгілі болды.

БАҚ мәліметінше, қазіргі уақытта Наталья Донцова Мәскеуде тұрады. Оның ұлы Александр да Ресей астанасында тұрады және Ұлттық зерттеу университеті – Жоғары экономика мектебінде (ЖЭМ) қызмет атқарады.

Айгүл Сайлыбаеваның отбасы оның өліміне кінәлі деп күдікке ілінген адамдардың сот алдында жауап беруіне қол жеткізуге тырысып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар