жексенбі, 7 маусым, 2026 18:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сарапшы зейнетақы жинағының төменгі жеткілікті шегі не үшін көтерілгенін түсіндірді

Сарапшы зейнетақы жинағының төменгі жеткілікті шегі не үшін көтерілгенін түсіндірді
Фото: ашық дереккөз
Қаржыгер Расул Рысмамбетов зейнетақы жинағының төменгі жеткілікті шегін көтеру – қажет шара екенін айтады

Cарапшының сөзінше, зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі көптеген азаматқа тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Алайда бұл жинақ көлемінің азаюына да әкелді. 

Сарапшының пікірінше, зейнетақы қаражаты болашақ үшін жұмыс істеуге тиіс. Зейнетақы жинағын жаппай алу жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етіп, зейнетақы жүйесіндегі қаражат көлемінің қысқаруына себеп болды. 

"Мен мұның белгілі бір әлеуметтік себептермен қабылданғанын түсінемін. Алайда қысқа мерзімді мәселені шешеміз деп, ұзақ мерзімді мәселе туындаттық. Ертең өз жинағының бір бөлігін алған көптеген адам шын мәнінде артық қаражатты емес, өздерінің болашақ зейнетақысының бір бөлігін пайдаланды. Салдарынан олар болашақта базалық деңгейден де төмен зейнетақы алуы мүмкін. Жеткілікті шегін көтеру, менің ойымша, біріншіден, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қаражатты көбірек сақтап қалуға бағытталған. Екіншіден, адамдарды зейнетақы жарналарын тұрақты төлеуге, ерікті зейнетақы шоттарын ашуға және жинақ мәдениетін дамытуға ынталандыру мақсатын көздейді", - дейді Расул Рысмамбетов.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар