бейсенбі, 4 маусым, 2026 15:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Атам өлең жазғанымды қаламады": Қадыр Мырза Әлінің немересі сұхбатында айтты

"Атам өлең жазғанымды қаламады": Қадыр Мырза Әлінің немересі сұхбатында айтты
Сырым Қуанышұлы "Қызылорда" телеарнасына сұхбат берген еді.

Әйгілі жазушы Қадыр Мырза Әлінің немересі Сырым Қуанышұлы «Қызылорда» телеарнасына сұхбат беріп, ақын атасы жайлы естелігін бөліскен.

«11 сыныпты атамның қолында оқып бітірдім. Студент кезімде, ол кісі қайтқанға дейін үш жылдай бірге тұрдық. Сондықтан басқа немерелеріне қарағанда менің ол кісімен көбірек уақыт өткізетін мүмкіндігім болды. Атам өмірде қарапайым еді. Өзін толықтай елге, шығармашылыққа арнаған. Күн сайын әр минутын сол жұмысына арнауға тырысатын. Бөлек кабинеті бар еді. Тек ас ішетін кезде ғана ас бөлмеде бізбен шай ішіп отырып әңгімелеседі. Сосын қайтадан кабинетіне барып жұмысын жалғастырады. Арасында базарға барып, екі-үш шақырым жаяу жүріп, жұртпен сөйлесіп келетін. Өзім оқушы кезімде кішігірім тақпақтар жазып жүрдім. Бірақ атам оны құптаған жоқ. Себебін «Иірім» кітабын оқысаңыз түсінесіз. Ол жолдың қиыншылығы көп. Кеңес замамында ақындар арасында арақ ішетін жағдайлар көп болған. Атам бізді сондайдан барынша сақтауға тырысты», - дейді ол.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар