сейсенбі, 2 маусым, 2026 9:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елдос Сметовтің Қытайда өтетін Гран-при турниріндегі қарсыласы белгілі болды

Елдос Сметовтің Қытайда өтетін Гран-при турниріндегі қарсыласы белгілі болды
gov.kz
Дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі Қытайдың Циндао қаласында 26-28 маусым аралығында өтеді.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турниріндегі басты қарсыластары франциялық Ромен Валадье-Пикар мен израильдік дзюдошы Ицхак Ашпиц болады, – деп хабарлайды Aykin.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Елдос Сметовтің бұл – Париж Олимпиадасындағы жеңістен кейінгі алғашқы ресми халықаралық жарысы. Бұған дейін ол мамыр айының басында Астанада өткен Grand Slam турнирінде Golden Fight аясында ұлымен қысқа көрсетілім белдесуін өткізген.

– Олимпиада чемпионы Париж Олимпиадасынан кейінгі екі жылдық үзілістен соң Қытайдағы Гран-при турнирінде татамиге қайта оралады. Қазір оның ең мықты қарсыластары – Валадье-Пикар мен Ицхак Ашпиц, – деп хабарлады басылым. 

Ромен Валадье-Пикар – 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Франция құрамасы көшбасшыларының бірі.  Ол – 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2023 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.  Ал Ицхак Ашпиц – Израиль құрамасының 2028 жылғы Олимпиада алдындағы болашақ көшбасшыларының бірі саналатын 18 жастағы спортшы. Оның басты жетістіктері қатарында Grand Slam турнирінің алтыны, 2026 жылы Тбилисиде өткен ересектер арасындағы Еуропа чемпионатының қоласы және 2023 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісі бар.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Елдос Сметовтің 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысатынын ресми түрде растады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар