сенбі, 30 мамыр, 2026 11:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы тауларында шетелдік студент адасып кетті

Алматы тауларында шетелдік студент адасып кетті
Фото: ТЖМ
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Көкжайлау шатқалы маңында таудан түсіп келе жатқан туристердің бірі топтан қалып қойып, байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өтініш берушілердің мәліметінше, оның ұялы телефоны байланыс аймағынан тыс жерде болған, деп хабарлайды Қазақпарат. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел түрде аттанды. Оқиға орнына жеткеннен кейін құтқарушылар таулы аумақты тексеруге кірісті. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда жүргізілді.

-Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде Көкжайлау шатқалынан төмен орналасқан аумақта туристік топтан қалып қойған Иран азаматы, студент табылды. Жас жігіт тау беткейінде ұйықтап жатқан. Тексеру барысында оған медициналық көмектің қажет еместігі анықталды,-делінген хабарламада.

Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, таудан аман-есен түсірді.


 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар