31 мамырдан алматылықтар Польша астанасы Варшава қаласына тікелей ұша алады.
Алматы – Варшава бағыты бойынша жаңа рейсті Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines іске қосады. Әуе рейстері заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады, деп хабарлайды Қазақпарат.
- Халықаралық әуе қатынасын дамыту Алматы үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. Әуе бағыттарының кеңеюі туристер санының артуына, халықаралық байланыстың нығаюына және қаланың Орталық Азиядағы саяхат пен бизнеске ең тартымды бағыттардың бірі ретіндегі имиджін қалыптастыруға ықпал етеді, - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала





