"Ұстазыңа жасалған сатқындық": белгілі продюсер Меруерт Өтекешоваға араша түсті
- авторОймақ
- Бүгін, 19:39
- 28
Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова аты аңызға айналған актриса, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешоваға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Баян Алагөзова Instagram парақшасында бұл оқиғаға байланысты өткір жазба жариялады.
"Меруерт апа үшін қатты жаным ауырып тұр, өте қатты... Бұл – өз ұстазыңа жасалған сатқындық, арқаға пышақ сұққанмен тең. Тіпті бұл іске деканның қатысы болса да?! Ересек студенттердің өз басы, өз ойы жоқ па?" – деп жазды Баян Алагөзова.
Kznews.kz мәліметінше, "Шабыт" өнер академиясының студенттері Меруерт Өтекешовадан бас тартып, арыз жазған. Алайда кейін олар бұл арызды жазуға декан Ернияз Бірімқұлов итермелегенін айтып шағымданған.
Порталдың жазуынша, қазір студенттер әділдік талап етіп отыр.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/282094-ustazyna-zasalgan-satqyndyq-baian-alagozova-meruert-otekesovaga-arasa-tusti
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






