жұма, 22 мамыр, 2026 21:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматылық мәдениет қызметкерлері баспаналы болды

Алматылық мәдениет қызметкерлері баспаналы болды
Мемлекет басшысының атынан жоғары марапаттар мен баспана кілттерін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады

Алматы қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтіп, сала мамандарына Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табыс етілді. Мемлекет басшысының атынан жоғары марапаттар мен баспана кілттерін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ол өз сөзінде бұл қолдау шығармашылық адамдарының ел игілігі үшін сіңірген адал еңбегіне деген шынайы құрмет пен алғыстың белгісі екенін атап өтті.

Жалпы саны 60 пәтерді қамтыған бұл ауқымды тұрғын үй көмегі мәдениет саласының ең түрлі бағыттарында жүрген мамандарға берілді. Олардың арасында жетекші театр әртістері, ұлттық ұжымдардың музыканттары ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер, кітапханашылар, архивистер, мұражай қызметкерлері, есепшілер, кадр мамандары және мәдениет мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін техникалық қызметкерлер де бар.

Пәтер алғандардың ішінде 5 адам баспана сертификатын бір күн бұрын Мемлекет басшысының өз қолынан алған болатын. Олар:

Нұрболат Нұрәлиев (Абай атындағы опера және балет театрының әртісі, стажы 19 жылдан асады) – 3 бөлмелі пәтер;

Сәния Оспанқұлова (А. Жұбанов атындағы мектеп-интернаттың мұғалімі, стажы 24 жылдан асады) – 3 бөлмелі пәтер;

Анар Әділова (Ғ. Мүсірепов атындағы театрдың актрисасы, стажы 15 жылдан асады) – 3 бөлмелі пәтер;

Арай Асқар (Құрманғазы атындағы консерваторияның мұғалімі, стажы 14 жыл) – 3 бөлмелі пәтер;

Игорь Попов (Республикалық неміс драма театрының әртісі) – 2 бөлмелі пәтер.

Ал қалған 55 мәдениет қайраткеріне пәтер кілтін бүгін Аида Балаева тапсырды. Олардың қатарында өнер саласында 55 жылдан астам еңбек өтілі бар М. Әуезов театрының актрисасы Шайза Ахметова (2 бөлмелі пәтер) , 42 жылдық стажы бар «Қазақфильм» киностудиясының жетекші маманы Әсет Ерназаров (2 бөлмелі пәтер) және 6 баланың анасы, Орталық мемлекеттік архивтің бөлім басшысының міндетін атқарушы Дамира Маханова (4 бөлмелі пәтер) бар.

Сонымен қатар Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы үздік жетістіктері үшін 13 қызметкер жоғары марапаттарға ие болды.

«Парасат» орденімен танымал әнші, композитор Мейрамбек Бесбаев , актриса Райхан Қалиолдина , педагог-хореограф Сұлтан Бапов , профессор Таңатар Нұралы , ғалым Тұрсынжан Шапай , поэтесса Даража Балапан және актриса, әнші Қаракөз Тілеубекова наградталды. «Құрмет» ордені дирижер Қанат Омаровқа , педагог Күзембай Бектаевқа және продюсер Михаил Романюкке бұйырды. М. Лермонтов театрының актері Виталий Гришко «Қазақстанның халық әртісі» атанса , профессор Мұрат Абзелбаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Ал ивент-менеджер Ақсұңқар Жарылқасова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның мәдениет және өнер саласында 60 мыңға жуық адам еңбек етеді. Соңғы бес жылда елде 150-ден астам жаңа мәдениет нысаны ашылып , биыл тағы 64 нысанның құрылысы жалғасуда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар