Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығымен мектептерге құжат қабылдау және оқушыларды қабылдау бойынша пилоттық жоба бекітілген.
Жаңа тәртіпке сәйкес, мектепалды даярлықтан өтіп, сол білім ордасында оқуын жалғастыратын балалар ата-анасының өтініші негізінде автоматты түрде қабылданады. Ал басқа мектепті таңдаған жағдайда құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады.
Сондай-ақ жүйеге жүктеме артқан жағдайда арнайы «күту бөлмесі» қарастырылған. Онда ата-аналар өз кезегін бақылап, кезегі келген кезде автоматты түрде қызмет рәсімдеуге өте алады.
Құжат қабылдау өңірлер бойынша кезең-кезеңімен іске асады:
– 27 мамырдан бастап: Астана қаласы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары;
– 10 маусымнан бастап: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары;
– 18 маусымнан бастап: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары;
– 29 маусымнан бастап: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.
Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





