сенбі, 16 мамыр, 2026 23:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды

Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
Фото: anatili.kazgazeta.
Астанада екі тұрғын үй кешенінің заңсыз салынып жатқаны анықталды

Прокуратура мәліметінше, құрылыс компаниялары қажетті рұқсат құжаттарынсыз, сараптама қорытындысынсыз және құрылыс жұмыстарын бастау туралы хабарлама бермей құрылыс жүргізген.

Нұра аудандық прокуратурасы Сәулет басқармасымен, «Астана Бас жоспары» ЖШС-мен және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен бірлесіп, елордадағы құрылыс нысандарында тексеру жүргізген.

Шыңғыс Айтматов көшесіндегі 24/8 учаскесінің маңында кіріктірілген нысандары мен паркингі бар көпқабатты тұрғын үй кешені оң сараптама қорытындысынсыз және құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарламасыз салынып жатқаны анықталған.

Тағы бір нысан Шыңғыс Айтматов көшесі мен Е164 көшесінің қиылысынан табылған. Онда кіріктірілген нысандары, медициналық орталығы және паркингі бар тұрғын үй кешені жер учаскесіне құқық беретін құжатсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, құрылыс жұмыстарын бастау туралы хабарламасыз және сараптама қорытындысынсыз салынып жатқан.

Прокуратура кейбір құрылыс компанияларына бұған дейін де жұмысты тоқтату туралы ескерту берілгенін, алайда олар заң талаптарын елемегенін атап өтті.

Қадағалау органы алдағы уақытта да қала құрылысы саласын бақылауды жалғастыратынын айтып, құрылыс заңнамасын бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар