Алматы облысында мұғалімді ұрды деген күдікке ілінген оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жарты айдан кейін мектеп бітіріп, түлек атанғалы отырған жасөспірім қазір "Бұзақылық" бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Телеарна мәліметінше, оқиға 16 қаңтар күні Алматы облысындағы ауылдардың бірінде орналасқан жаңа орта мектепте болған. Алайда қылмыстық іс бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қоғамда қызу талқыланғаннан кейін қозғалған.
Бейнебақылау камерасына түскен кадрларда сабақ уақытында сыртта жүрген оқушыға мұғалімнің ескерту жасағаны көрінеді. Алайда ұстаздың талабын жасөспірім агрессиямен қабылдап, мұғалімге жұдырық ала жүгірген.
Полиция өкілдерінің айтуынша, оқушы кәмелетке толмағандықтан, бұл іске байланысты оның ата-анасы да жауапқа тартылуы мүмкін. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






