Жүкті екенін білмеген: Алматыда клиникаға барған әйел босанып қалды
- авторОймақ
- Бүгін, 08:01
- 30
Алматыдағы жеке клиникалардың біріне асқазанындағы жайсыздыққа шағымданып барған әйел күтпеген жағдайға тап болды – ол УДЗ тексеруі кезінде өзінің жүкті екенін біліп, артынша 7 айлық нәрестені дүниеге әкелген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, әйел гастроэнтерологқа ішінің кебуі мен ауырсынуына байланысты қаралған. Алайда тексеру барысында дәрігерлер оның шамамен жеті айлық жүкті екенін анықтаған.
Гинеколог мамандардың кеңесінен кейін науқастың босану процесі басталып кеткені белгілі болып, дәрігерлер жедел әрекет еткен. Нәтижесінде сәби УДЗ кабинетінің өзінде дүниеге келген.
Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен жаңа туған қыздың жағдайы тұрақты. Кейін олар жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегімен перзентханаға жеткізілген.
Сондай-ақ белгілі болғандай, бұл отбасы көптен бері бала сүйе алмай жүрген және қыз баланы армандаған екен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Бәйтеректің" маңында оғаш суретке түскен жігіт полицияға жеткізілді
- авторОймақ
- Бүгін, 09:30





