Белгілі актриса Меруерт Өтекешова журналист Майя Бекбаеваға эксклюзив сұхбат беріп, "Қыз Жібек" фильміндегі қамзолға қатысты жағдай жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сұхбат тележүргізушінің YouTube арнасында жарияланды. Актрисаның айтуынша, қайта құру кезеңінде кино түсірілімдеріне қатысты көптеген костюмдер жоғалып кеткен.
"Қыз Жібек" фильміндегі қамзолды актриса картина экранға шыққаннан кейін араға ұзақ уақыт салып алғаш рет Баян Алагөзованың үстінен көргенін айтады. Оның пікірінше, бұл бұйым – нағыз халықтық мұра. Актриса продюсер оны міндетті түрде музейге тапсырып, келешек ұрпақ үшін сақтап қалатынына сенім білдірген.
"Көпшіліктің оның бұл қамзолды киіп көргеніне көңілі толмағанын білемін. Бірақ шығармашылық адамдары сезімтал болады. Ол: "Ой, қандай тамаша!", – деп ойлады. Жібек қамзолы әрі мүсініне де шақ келді. Бұл жай ғана оның ішкі тебіренісі болатын... Баян Алагөзова оны, әрине, сақтайды және ол міндетті түрде мұражайда тұрады. Өз мұражайында, болмаса Ұлттық мұражайға бере ме – ол жағын өзі шешеді, кешіріңіздер. Тіпті, бұл қамзолды мен сыйлаған-мыс деген сөздер де шықты. Шын мәнінде, ол өте жақсы сақталған", – деді актриса.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






