Президентке KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
- авторОймақ
- Бүгін, 18:37
- 22
Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Атап айтқанда, KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған.
Ал SmartCargo – кеден, көлік, Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, фармацевтикалық және сауданы реттеу сервистерін біріктіретін логистикалық қызметтердің бірегей цифрлық терезесі.
National Road Geoportal (KazMaps) мониторинг пен инфрақұрылымға арналған Қазақстан автожолдарының цифрлық картасын ұсынады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен танысты.
Сонымен қатар Президент Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.
GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесіне 600-ден аса халықаралық компания, соның ішінде Cisco, Cloudflare, Google Cloud, Huawei, Dell, H3C Technologies, Lenovo, Trend Micro, Hikvision, HP, Noventiq, Redington, Salesforce, Vertiv және басқа да әлемдік технология көшбасшылары қатысуда
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





