Блогер Қайсар Хамза жақын арада елге оралуды жоспарлап отырғанын айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 13:11
- 24
Қазақстандық блогер Қайсар Хамза Қаржы мониторингі агенттігі оны іздеуге жариялағаннан кейін алғаш рет үн қатып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ол Вьетнамның Нячанг қаласында жүр және жақын уақытта елге оралуды жоспарлап отыр.
Блогер ұсталғаны және қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның сөзінше, иммиграциялық қызмет тек құжаттарды рәсімдеу үшін төлқұжатын уақытша алған — бұдан басқа ештеңе жоқ. Оның айтуынша, ешқандай қамау болмаған.
Хамза қазіргі уақытта экстрадиция және сот процестеріне қатысты мәселелер шешіліп жатқанын да айтты. Толық мәлімет бермегенімен, ол оқырмандарынан қолдау көрсетіп, сәттілік тілеуді және өзі үшін дұға жасауды сұрады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде болмаған күндері бейжай қарамаған жандарға алғыс білдірді.
Бұған дейін Қайсар Хамзаны іздеуге бастамашы болған орган — Қаржы мониторингі агенттігі екені, ал іс Астанада тіркелгені хабарланған. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноны жарнамалайтын бейнероликтерді жүйелі түрде жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға қатысуға тартқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






