Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» аясында үй жануарларын қорғау мәселесін де назарға алуды тапсырды – Сенат Төрағасы
- авторОймақ
- Бүгін, 00:02
- 36
Талқылау кезінде Мәулен Әшімбаев бұл мәселе Мемлекет басшысының басты назарында екенін атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін арттыру мәселесін де назарға алуды тапсырды. Өйткені иелері тарапынан үй жануарына дұрыс қарамау, оларды қалдырып кету, қорлау сияқты бұзушылықтар болып жататыны жасырын емес. Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселеде азаматтардың жауапкершілігін арттыруға қатысты нақты міндеттер жүктеді. Осыған байланысты тиісті органдар жағдайды жан-жақты пысықтап, халықаралық тәжірибені зерделеп, өңірлердегі ахуалды ескеріп, депутаттармен кеңесе отырып, бұл бағытта нақты ұсыныстар даярлайды деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарау кезінде оған бірқатар түзету енгізді. Олар – заңның 15-бабында қаңғыбас жануарлар санын реттеу кезінде «эвтаназия» терминін қолданудан бас тарту, қоғамда қызу талқыланған 5 күндік мерзімді алып тастау, «қаңғыбас жануар» ұғымына қатысты және тағы басқа түзетулер. Қарау нәтижесінде Сенат заңды Мәжіліске қайтарды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
- авторОймақ
- 29 сәуір, 2026





