Сол сәтте жануар баланың бетіне шабуыл жасап, тістеп, тырнап алған. Қорыққан бала көмекке шақырған. Абырой болғанда, жақын маңда мектептен велосипедпен келе жатқан оның үлкен ағасы итті қуып, баланы қорғап қалған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер оның мұрын, ерін және маңдай тұсындағы жарақаттарын өңдеп, құтырма ауруына қарсы екпе және профилактикалық ем жүргізді. Қазіргі уақытта бала ем қабылдап жатыр. Мамандар оның психологиялық жағдайына да назар аударып отырғанын айтады. Айта кетейік, дәл осы аулада бұған дейін баланың үлкен ағасын да басқа бір ит қауып алған. Бұл жағдай өңірде үй жануарларының шабуылы жиілеп отырғанын көрсететін оқиғалардың бірі болып отыр. Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері Ақмола облысында ит шабуылынан зардап шеккендер саны шамамен 700-ге жуықтаған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





