бейсенбі, 30 сәуір, 2026 17:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ләйлә Сұлтанқызы модель болып, подиумға шықты

Ләйлә Сұлтанқызы модель болып, подиумға шықты
ашық дереккөз
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, жаңа қырынан көрінуден қорықпау керектігін айтты.

Алматыда өткен Fashion Week Almaty сән апталығы биыл тек дизайнерлік топтамаларымен емес, ерекше қонақтарымен де көптің есінде қалды. Солардың қатарында танымал тележүргізуші әрі медиаменеджер Ләйлә Сұлтанқызы бар. Ол күтпеген жерден подиумға модель ретінде шығып, жиналған жұртшылықты таңғалдырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Көрсетілімнен кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, жаңа қырынан көрінуден қорықпау керектігін айтты.

"Елуге келіп есірді демеңіз, еркінсідім", – деген сөздері арқылы ол кез келген жаста өзіңді жаңа бағытта сынап көрудің маңызын жеткізді.

Сән кешінің ең әсерлі сәттерінің бірі – көрермендер арасынан түсірілген видео болды. Онда тележүргізушінің анасы қызының подиумдағы жүрісін ерекше толқыныспен тамашалап отырғаны байқалады. Анасының мейірімге толы жанары мен қуанышы әлеуметтік желі қолданушыларына ерекше әсер қалдырып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар