сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 14:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ермахан Аймахан жарына арнап ән жазды

Ермахан Аймахан жарына арнап ән жазды
ашық дереккөз
Димаш та жазба астына жүрек белгісін қалдырып, қолдау білдірген.

Әнші әрі актер Ермахан Аймахан жұбайы Раушан Құдайбергенге арнап жаңа романтикалық әнінің үзіндісін жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жары Раушанмен бірге түскен әсерлі видеомен бөліскен. Кадрларда ерлі-зайыпты жаңа ән әуенімен би билеп, көрермендерге жылы атмосфера сыйлаған. Жаңа туынды "Тағдырыма кел" деп аталады.

Әннің қысқа нұсқасы жарияланған сәттен-ақ тыңдармандардың қызығушылығын тудырып, желіде оң пікірлер көбейді. Көпшілік композицияның нәзік көңіл күйін, орындаушының дауысын жоғары бағалап, толық нұсқасын асыға күтетінін жазуда.

Пікір қалдырғандар қатарында Димаш Құдайберген де бар. Ол жазба астына жүрек белгісін қалдырып, қолдау білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Раушан Құдайберген жайлауда аттан құлап қалған сәтін көрсетіп, желіде талқыға түскен еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар