Алматы облысының таулы ауданында шыңға шығу кезінде топтан адасып, байланыссыз қалған ер адам құтқарылды. Құтқарушылар туристі түні бойы іздеген, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында, теңіз деңгейінен 4300 метр биіктіктегі Сәтбаев шыңы маңында болған. Алты адамнан тұратын топ тауға шығу кезінде қатысушылардың бірі қайтып оралмағанын және онымен байланыс үзілгенін хабарлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол жоғары таулы жерде бағдарсыз және байланыс құралдарынсыз қалып қойған. Дабыл түскен бойда ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі мен Алматы қалалық ТЖД құтқарушылары іздестіру жұмыстарына кірісті.
Құтқарушылар түн ішінде қауіпті беткейлерді тінту кезінде жоғалған адамды Совет шыңының астындағы «Әткеншек» аумағынан тапты.
Туристің жағдайы қанағаттанарлық. Оған медициналық көмек қажет болмаған. Күрделі жағдайларға қарамастан, ол қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





