жексенбі, 26 сәуір, 2026 14:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көлігінен бекіре табылған атыраулық тұрғын жауапқа тартылды

Көлігінен бекіре табылған атыраулық тұрғын жауапқа тартылды
Istockphoto
7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Көлігінен бекіре тұқымдас балық табылған Атырау қаласының тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды.

Оның автокөлігін тінту барысында 501,9 келі бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Сот оны кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Оған қоса сотталушыдан материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығын өтеу есебіне 304 млн теңгеден астам қаражат өндірілу міндеттелді.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2025 жылы Атырау облысының қылмыстық қудалау органдары экология саласында 30 құқықбұзушылық фактісін тіркеді.

Былтыр айыптау актісімен 11 қылмыстық іс сотқа жолданып, олар бойынша 10 тұлғаға айыптау үкімі шығарылды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар