Аутизмі бар балалардың ата-анасына тіл тигізген блогердің басы тағы дауға қалды
- авторОймақ
- Бүгін, 13:03
- 60
Қостанайда бұған дейін даулы мәлімдемелерімен танылған блогер Гүлнәр Оразалина төбелес шығарғаны үшін ұсталды. Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz «31 арнаға» сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталып, кейін қатысушылардың шынайы өмірде есеп айырысуына ұласқан. Төбелес сәті бейнежазбаға түсіп, желіде кеңінен таралды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жанжалдың барлық қатысушысын ұстап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Бұл блогер Гүлнәр Оразалинаның заңмен алғашқы қақтығысы емес. 2025 жылдың желтоқсанында ол балалардың аутизм және онкологиялық ауруларға шалдығуын «ата-аналарының өнегесіз өмірі үшін берілген жаза» деп атап, қоғамның ашуын туғызған болатын. Сол кезде сот оны балағат сөздер айтып, қоғамға құрметсіздік танытқаны үшін кінәлі деп танып, 78 мың теңге көлемінде айыппұл салған еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада өрттен көз жұмған үш баланың денесі жер қойнына тапсырылды
- авторОймақ
- 14 сәуір, 2026






