сәрсенбі, 8 сәуір, 2026 20:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атыраудағы қылмыс: Ақбаян психиатриялық мекемеге орналастырылды

Атыраудағы қылмыс: Ақбаян психиатриялық мекемеге орналастырылды
ҚР ІІМ
Вице-министр қылмыстық іс бойынша басқа күдіктілер жоқ екенін атап өтті.

Индонезиядан Атырауға жеткізілген Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына кешенді сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, күдікті психиатриялық мекемеге орналастырылып, оған стационарлық форматта психологиялық-психиатриялық кешенді сараптама тағайындалған.

"Сараптаманы жүргізу туралы шешім күдіктінің мінез-құлқы мен алғашқы жауаптарына байланысты қабылданды", – деді Әділов.

Сондай-ақ вице-министр қылмыстық іс бойынша басқа күдіктілер жоқ екенін атап өтті. Іс аясында негізгі күдіктілер ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қарастырылып отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар