"Шынында жасы отыздан аспаған"": айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева сөз тағдырға әсер ететінін айтты
- авторОймақ
- 6 сәуір, 2026
- 20
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева сөздің қуаты мен киесі жайында ой қозғап, өнер адамдарының тағдырымен байланысты мысалдар келтірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ақынның айтуынша, кейде адамның өз сөзі оның тағдырына әсер етуі мүмкін. Ол бұл пікірін бірқатар белгілі тұлғалардың өмірінен алынған мысалдар арқылы түсіндірді.
"Сөздің киесі бар. Қыршынынан қиылған Денис Теннен "спортта қай жасқа дейін жүресің?" деп сұрағанда, "25 жасқа дейін" деп жауап берген. Оның 25 ке жетпей қаза тапқаны естеріңізде шығар... Оразалы Досбосынов деген алапат ақын досым көбінесе сөзді: "Атым Ораз болғанмен, Отыздан жасым аспаған, Иегін сақал жаппаған. Сүйінбаймын, Жамбылмын, Таңжырықпын, Шарғынмын", – деп бастайтын... с, небәрі 29 жасында жарық дүниемен қош айтысып кете берді. Кейін Оралдан Асылбек Исщанов деген ақын бала шықты. Сол бала өзінің ең соңғы айтысында: "Бір күнде бес ақынмен, Айтысып бәрін жеңетін, Оразалының жолын бер" деп жырлаған екен. Арада көп уақыт өтпей жап-жас Асылбек тура Оразалы ағасы құсап жол апатынан қаза тапты. Атақты Жәнібек Кәрменовтың керемет термесі бар, сол терменің ішінде "Жалғыз шықпа сапарға, өкініште қаларсың" деген жолдар бар.. Сол Жәнібек ағамыздын жолға жалғыз шығып кетіп жүрегі тоқтап қалып, жол апатына ұшырап қайтыс болғанын біреу біліп, біреу білмес... Атақты Мұқағалидың да: "Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде, Қырықтың бесеуінде" деген өлеңі бар.. Ақиық ақын шынында 45 жасында дүниеден өткен еді", – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





