жұма, 3 сәуір, 2026 20:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кәмелетке толмаған сегіз жасөспірім қарт адамды қорлағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Кәмелетке толмаған сегіз жасөспірім қарт адамды қорлағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Бұл оқиға былтыр наурыз айында Теміртауда орын алып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Сот мәліметі бойынша, кәмелетке толмаған сегіз жасөспірімге нақты мерзім тағайындалды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оларға 5-тен 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Қылмыс жасалған кезде кәмелет жасына жеткен тағы бір қатысушыға 7 жылдық колония жазасы берілді.

Тергеу анықтағандай, олар бірнеше рет жалғыз тұратын қарт адамның пәтеріне кіріп, оны ұрған, қорлаған және ақшасын тартып алған. Жасөспірімдер өз әрекеттерін видеоға түсіріп, таныстар арасында таратқан. Бұл жазбалар желіге шыққаннан кейін барлық қатысушы ұсталған.

Айта кеткен жөн, бұл оқиға былтыр наурыз айында Теміртауда орын алып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар