бейсенбі, 2 сәуір, 2026 19:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ұрды дегені – өтірік": актер Асқар Жұмабек қамаудан шығып, даудың нүктесін қойды

"Ұрды дегені – өтірік": актер Асқар Жұмабек қамаудан шығып, даудың нүктесін қойды
видео скрин
Екінші тарап болған оқиғаны бұрмалаған.

Актер Асқар Жұмабек қамаудан шыққаннан кейін әлеуметтік желіде видео жариялап, дауға қатысты пікірін айтты. Оның сөзінше, екінші тарап болған оқиғаны бұрмалаған. Актер оқырман оқырмандарына сауал қойды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Актер Айнұр Нарзиеваның өзіне дөрекілік танытқанын және оған күш көрсетті дегені жалған екенін айтты.

«Ұрды дегені — өтірік. Мені жаманатты қылған «Тұлға» дүкеніне мың алғыс. Әлгі қызға дауға қажет болды. Менің еш кінәм жоқ. Чемоданды бір қойдым, бірақ бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Жақын арада тағы бір маңызды мәлімет айтамын», — деп мәлімдеді Жұмабек.

Ол соттағы жағдайды да баяндап, халықтың алдында кешірім сұрамайтынын айтты. Ал арыз түсірген адамды хайп қуды деп санайтынын жеткізді.

«Өткенде судьяның өзі айтты: «Резонанс болып кетті, Асқар. Сол үшін сізді 10 тәулікке бас бостандығыңыздан айыруға тура келіп тұр» деді. Көрдіңіздер ме, қандай оймен айтқанын? «Резонанс болып кеткені үшін ғана» деді. «Былай айыппұлмен де шығатын нәрсе ғой» деді. Сосын мен сотта: «Айтсаңшы енді судьяға. Желіде бүкіл адамдарға ұрды, тепті деп жазып жатсың ғой» дедім. Ол болса: «Біз Асқар ағамен ұрсысып қалдық. Маған боқтады» дейді. Дұрыстап айтпайды. Біз бір-бірімізге балағат сөздер айттық. Мені ғана боқтады деп отыр. Содан мен айттым: «Артық сөйлесем, көңіліңе тиіп кеткем нәрселер болса, мен сенен кешірім сұраймын. Анаңнан да кешірім сұраймын» дедім. Мен халықтың алдына шығып кешірім сұрамаймын. Сен сұра, егер басыңда ақылың бар адам болсаң. Судьяның алдында «Асқар аға» болып қалыппын ғой. «Мен де қатты сөйлеп қойдым» деп айтпадың ба? Айтқан жоқсың. Себебі саған хайп керек болды. Сенің ойың анадай ғой. Мені халықтың алдында кешірім сұратып, соны өзіңе салып: «Көрдіңіздер ме кешірім сұрады» деп тағы да хайп жасағың келді ғой? Ол туралы сен тек арманда», — деді Асқар Жұмабек.

Актер халыққа Айнұр Нарзиеваның үстінен де арыз жазып соттасу-соттаспау жайлы сауал қойды. Ол егер «қызды жапқыз» деген пікірлер көп жазылса, арыз түсіруге ниетті.

«Енді оқырмандар, сіздерге сұрақ. Мен қоғамдық ортада тәртіп бұзғаным үшін 10 тәулік отырып шықтым. Мен де шулатып, сол қызды жапқызғанымды қалайсыңдар ма? Мен де соның дәрежесіне түсейін. 10 күнге барып, ана жақтың қандай екенін көріп келсін. Бұл мені оятқаны үшін емес. Маған 09:15-те қоңырау шалды: «Қайдасыз? Біз түсірілімді бастайын деп жатырмыз». Оған мен: «Біз сағат 10-да деп келістік қой. Сол уақытта келемін» деймін. Бізде ондай грим жасап беріп, шаш жасап беру жоқ. Келесің,  сөзін Chat GPT-мен жазып береді. Сол жерден қараймын да, бір оқып түсіп жүрген адамбыз. Оқырмандарға менің сұрағым, сол қызды мен жапқызайын ба? Егер халық болып: «Оның дәрежесіне түсіп қайтесің?» десеңіздер... Мен бүкіл пікірді оқитын боламын», — деді Асқар Жұмабек.

Айта кетейік, 20 наурызда әлеуметтік желіде Айнұр Нарзиева есімді модель актердің физикалық күш көрсетпек болғаны туралы жазған. Осыдан кейін Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін актер Асқар Жұмабекті 10 тәулікке қамауға алды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар