сейсенбі, 31 наурыз, 2026 9:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шілдеден бастап несие алу талабы өзгереді

Шілдеден бастап несие алу талабы өзгереді
istockphoto
Жаңа ереже 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Енді ломбардқа өткізілген алтын мен уақытылы төленбеген айыппұл несие тарихына "қара таңба" болып басылады. Елімізде несие алу талаптары қатаңдатылады, деп хабарлайды turkystan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Енді ақшалай жалақы алатындар мен зейнетақы жарнасы жоқ азаматтарға кредит берілмеуі мүмкін. Жаңа ереже 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

"Шілдеден бастап банктер табысыңыз бен қарызыңызды екі бағыт бойынша есептейді. Біріншісі, айлығыңыздың қанша пайызы несиеге жұмсалады? Егер табысыңыздың жартысынан көбі қарыз жабуға кетсе, жаңа несие берілмейді. Екіншісі, ресми табыс. Егер зейнетақы немесе медициналық сақтандыру аударымдарыңыз болмаса, банк сізді "жұмыссыз" ретінде қарастыруы мүмкін", - дейді тілші Назерке Алтынбек.

Бұл шектеулер тек банктерге емес, ломбардтарға да қатысты. Ондағы әрбір кешігу микронесие болып тіркеледі. Бұл жүйе несие батпағына батқандарды тоқтату үшін жасалып отыр.

"Егер ломбардка өткізілген алтын бұйым белгіленген мерзімде қайта алынбаса, ол өтелмеген қарыз ретінде есепке алынады. Қаржы сарапшысының айтуынша, банк есігі жабылса, халық амалсыз көлеңкелі нарыққа, яғни заңсыз өсімқорларға бет бұруы мүмкін", - дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің департаменті бас маманы Айбек Айтақов.

"Көлеңкелі сектор пайда болады. Мысалы, несиеге қатты шектеу қойыла бастаса, жаңағы ростовщик дейді, адамдар тарабынан сұраныс жоғары болса, оған ұсыныс та пайда болады", - дейді қаржы сарапшысы Айбар Олжаев.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар