Атыраудағы қанды қылмыс: күйеу балаға қатысты тағы сұмдық ақпарат шықты
- авторОймақ
- Бүгін, 13:01
- 33
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты тергеу жалғасып жатыр – негізгі күдікті Сұлтан Сарсемалиевке тағылған айыптар кеңейтілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz JANABASTAU.KZ. сайтына сілтеме жасап.
Енді оған екі және одан да көп адамды өлтіру ғана емес, бірнеше рет жасалған кісі өлтіру айыбы да тағылып отыр.
Сонымен қатар іс аясында қосымша эпизодтар бар: • ұрлық (ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі) • алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабы)
Прокуратураның мәліметінше, бұл қаза болғандардың жеке заттарын иемдену және олардың малын сатып жіберу деректеріне қатысты.
Адвокаттардың түсіндіруінше, «екі және одан да көп адамды өлтіру» бір эпизодқа қатысты болса, «қайталанған кісі өлтіру» қылмыстың әртүрлі уақытта жасалғанын білдіреді.
Екі айып та ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне жатады. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына соттау жазасы қарастырылған.
Қоғамдағы резонанс пен күдіктінің елден қашуға әрекет жасағанын ескерсек, сарапшылар сот өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қосымша баптар – ұрлық пен алаяқтық – жалпы жазаға енгізіледі, алайда әдетте жеңілірек жазалар қатаң жазаға сіңіріледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






